Апр
09

Алматы мемлекеттік табиғи қорығында «ТазaLIKE», «Таза Қазақстан», «Халықаралық құстар күні» табиғатты қорғау акциясы жалғасын табуда.

Экология ағарту бөлімінің қызметкерлері Ясли-сад № 2 «Бөбек» балабақшасының балаларының өз қолдарымен жасаған жемсауыттарын іліп, құстарға арналған ұяшықтар орнатты.  Абай атындағы №3 мектеп оқушылары да экологиялық акцияға атсалысып, ұяшықтарды орнату ісіне белсене қатысып, табиғатқа деген қамқорлықтарын көрсетті.