2025 жылғы 22 сәуірде Жер күніне орай «TazaLIKE» 💚, «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» экологиялық акциялары аясында Алматы мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері Еламан ауылындағы №41 жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларымен бірлесіп, 200 екпе көшеттерін отырғызды.
Қорықтың экологиялық ағарту бөлімінің мамандары көктемнің алғашқы гүлдерін таныстырып, табиғаттың маңыздылығы туралы мазмұнды ашық сабақ өткізді.