Бүгін Алматы мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері «TazaLIKE», «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» экологиялық акциялары аясында №35 мектеп гимназиясының оқушыларымен бірлесе отырып, табиғатты көгалдандыру және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында ауқымды іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында мектеп аумағына 200 ағаш көшеті және 100 раушан гүлі стакандарға отырғызылды. Бұл бастама жас ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды қадам болды.