Май
01

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында және «Парктер шеруі – 2025» мерекесіне орай Алматы мемлекеттік табиғи қорығы №25 мектеп-гимназиясында “Мектеп орманшылығының” салтанатты ашылуын өткізді.

Іс-шараға мектеп ұжымы, оқушылар және қорық қызметкерлерін қосқанда барлығы 75 адам қатысты. Шара барысында мектеп оқушылары ұстаздарымен бірге 100 екпе көшет отырғызып, туған табиғатты қорғау мен көгалдандыру ісіне өз үлестерін қосты. Бұл бастама оқушылардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.