Алматы мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми іс - жөніндегі директордың орынбасары мен экологиялық ағарту бөлімінің қызметкерлері Талғар қаласындағы "Алаш" заманауи қазақ мектебінің директорымен, ұстаздары және оқушыларымен бірге «TazaLIKE», «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» экологиялық акциялары аясында 200 екпе көшет, 200 Шренк шыршасының дәндерін контейнерлерге отырғызу іс-шарасын өткізді.
Шара барысында мектеп оқушылары тоғызқұмалақ, шахмат, асық ату, күрес секілді ұлттық ойындар ойнап, сурет салып, ән айтып, өлең оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, олар қорық қызметкерлеріне арнап арнайы көрме ұйымдастырып, табиғатты қорғауға бағытталған шығармашылық жұмыстарын таныстырды.