Май
19

2025 жылғы өрт қауіпті маусымына дайындық аясында Талғар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, Алматы мемлекеттік табиғи қорығы және Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бірлесіп өртке қарсы оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастырды.

Іс-шара барысында орман өртінің алдын алу, өрт шыққан жағдайда жедел әрекет ету, техника мен адам ресурстарын үйлестіру, өрт сөндіру дағдыларын жетілдіру бағытында тәжірибелік тапсырмалар орындалды.