Май
19

18 мамыр – Халықаралық мұражайлар күніне орай Алматы мемлекеттік табиғи қорығы мен Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бірлесіп айтулы іс-шара ұйымдастырды.

Шараға 1200-ден астам адам қатысып, қонақтар мұражай экспонаттарымен тегін танысып, ашық аспан астында қорық пен ұлттық парк жайлы видеоматериалдарды тамашалады. Сонымен қатар, шара барысында ән айту, би билеу, сурет салу, суреттер көрмесі, киіз бұйымдары, өнер туындылары көрмесі сияқты шығармашылық нөмірлер қойылды.