Июнь
04

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің басты белгісі. Рәміздер күні – халқымыздың бірлігін, рухын, болашаққа деген сенімін бейнелейтін маңызды мереке.

1992 жылдың 4 маусымында Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бекітілді. Бұл күн – ел тарихындағы ерекше әрі мақтанышқа толы сәт.

Ту – көк аспанымыздың, бейбіт өміріміздің нышаны. Елтаңба – өткен мен бүгінді байланыстыратын бай мұрамыздың көрінісі. Әнұран – жүрекке рух беріп, елге деген махаббатты оятатын асқақ үн.

Осы күн – әр азамат үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді арттыратын ерекше күн. Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу – ел болашағына деген жауапкершіліктің белгісі.

Баршаңызды 4 маусым – Рәміздер күнімен құттықтаймыз! Еліміздің мәртебесі әрдайым биік болсын!