«Парктер шеруі – 2025» экологиялық акциясының жабылу салтанаты Алматы мемлекеттік табиғи қорығының ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті. Бұл акция жыл сайын елімізде табиғатты сақтау, экологиялық мәдениетті дамыту және жас ұрпақты табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында өткізіледі.
2025 жылдың басынан бері қорық аумағында ауқымды жұмыстар атқарылып, түрлі экологиялық акциялар, сенбіліктер, ағаш отырғызу шаралары, танымдық көрмелер мен ашық сабақтар ұйымдастырылды. Бұл шаралар табиғатқа деген жауапкершілікті арттырып, қоғамның экология саласына деген қызығушылығын оятты.
Аталған жетістіктер – ел азаматтарының табиғатты қорғауға белсенді араласуының нақты дәлелі. Іс-шара соңында белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Акцияға атсалысқан барша табиғат жанашырларына алғыс айтамыз!