Алматы мемлекеттік табиғи қорығы Талғар аудан әкімдігі мен Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазарту жұмыстарын ұйымдастырды.
Акция барысында Талғар қаласының аумағы қоқыстан тазартылып, қаптармен тұрмыстық қалдықтар жиналды. Шараға түрлі мекемелерден 50-ден астам ерікті қатысты. Табиғатты қорғауға бағытталған бұл бастама тұрғындар арасында үлкен қолдау тапты және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырды.