Июль
14

Монах шатқалы Алматы мемлекеттік табиғи қорығында, Іле Алатауының тауларында орналасқан. Бұл атау 1920-жылдары осы жерде жасырынған православ монахтарының құрметіне берілген. Сол монахтар салған шіркеудің орнына апаратын үңгірдің кіреберісі бүгінге дейін сақталған.

Шатқал биік жалаң жартастарымен, қылқан жапырақты ағаштар өскен тік беткейлерімен, шағын үңгірімен және сарқырамаларымен шағын каньонға ұқсайды. Соқпақ өзен бойымен өтеді, тік әрі тасты беткейлермен, қылқанды және жалпақ жапырақты орман арқылы жалғасады. Негізгі көрнекті орындардың бірі — биіктігі шамамен 12 метр болатын Монашка сарқырамасы. Монах шатқалының бойымен Монашка өзені ағып жатыр, суы жазда да, қыста да ішуге жарамды.

Шатқалды өз бетінше аралағысы келгендер Алматы қорығының кеңсесінде экологиялық төлемді төлеуі тиіс (мекенжайы: Талғар қаласы, Аққу шағын ауданы, 3а).

Монах шатқалына өзіңізбен бірге алыңыз:

күннен қорғайтын крем және көзілдірік

жаңбыр жауса — плащ

резеңке етік

треккингке арналған таяқтар

Киіну үлгісі:

бас киім

жеңіл күртеше немесе желден қорғайтын киім

ыңғайлы аяқ киім (сланцы мен шлепкалар жарамайды)

жабық спорттық шалбар

Ең дұрысы — резеңке етік (өзенді бірнеше рет кесіп өту қажет болады)

Жолдың ұзындығы — шамамен 2 км, бағыт орташа күрделілік деңгейінде.