Сібір елігі (лат. Capreolus pygargus) — Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында тіршілік ететін 41 сүтқоректінің бірі.
Елік – қорық аумағында индикаторлық түрге жатады. Ол теңіз деңгейінен 1200–3000 метр биіктікте, аралас жапырақты ормандарда, қылқан жапырақты ормандарда, субальпі және альпі белдеулерінде мекендейді. Бір шатқалдан екіншісіне ауысқанда 3000 метрге дейін көтеріле алады. Еліктер қорық аумағындағы барлық өсімдік түрлерімен қоректенеді. Олар таңертең, кешке және түнде белсенді.
Еліктің баласын “Еңлік” деп атайды. Еңліктер аналарының жанында жүреді, ал аталық еліктер жеке тіршілік етеді. Еңліктер мамыр айында дүниеге келеді, алғашқы бір аптада қозғалыссыз күйде шөп арасында тығылып жатады. Жазда еліктер жеке өмір сүрсе, қыстан көктемге дейін топтасып жүреді.
Қазіргі таңда қорық аумағы жүйелі түрде қорғалып, жабайы аңдар үшін тыныштық күйі сақталуда.