Бұл күн – жануарлар әлеміне деген қамқорлық пен жауапкершілікті арттыруды мақсат етеді.
Алматы мемлекеттік табиғи қорығында 41 сүтқоректі, 177 құс, 5 бауырымен жорғалаушы, 1 қосмекенді және 900-ден астам жәндік түрі мекендейді.
Олардың ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына 27 жануар түрі енген.
Сүтқоректілерден:
– Қар барысы (Uncia uncia)
– Тянь-Шань қоңыр аюы (Ursus arctos)
– Түркістан сілеусіні (Lynx lynx)
– Тас сусары (Martes foina)
Құстардан:
– Бүркіт (Aquila chrysaetus)
– Сақалтай (Gyps himalayensis)
– Бидайық (Falco pelegrinoides)
– Көк құс (Myophonus caeruleus) және т.б.
Бұл жануарлар — табиғаттың баға жетпес байлығы. Оларды сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз.