Окт
13

Қарттар күні – өмір жолында көп тәжірибе жинақтаған, ел дамуына елеулі үлес қосқан аға буынға құрмет көрсету күні. Осыған орай Алматы мемлекеттік табиғи қорығында Қарттар күніне арналған кездесуге қорықта ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған ардагерлер шақырылды.

Шара барысында ардагерлерге ізгі тілектер айтылып, естелік сыйлықтар табыс етілді. Ардагерлер өздерінің еңбек жолындағы қызықты естеліктерімен бөлісіп, жас буынға ақ тілек, ізгі баталарын берді.

Бұл шараның мақсаты – аға буын өкілдерінің еңбегін ұлықтау, олардың өмірлік тәжірибесін кейінгі ұрпаққа үлгі ету. Ардагерлермен осындай кездесулер жыл сайын ұйымдастырылып, қорық ұжымында өзара сыйластық пен бірлік рухын нығайтуға ықпал етеді.