Елімізде Орманшылар күні атап өтілуде, 2017 жылы Үкімет қаулысымен қазан айының үшінші жексенбісі жыл сайын орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде бекітілген.
Алматы мемлекеттік табиғи қорығында мемлекеттік инспектор болып қызмет ететін Жаховский Евгений Александрович осы салада 11 жыл бойы абыроймен еңбек етіп келеді. Табиғатты аялау, қорық аумағын қорғау, заң бұзушылықтың алдын алу – оның күнделікті қызметінің басты міндеттері. Евгений Александрович – өз ісіне адал, еңбекқор маман, таулы аймақтың қатаң жағдайына қарамастан, қоршаған ортаны қорғауға зор үлесін қосып келеді.
Осы мерекелі күні орман саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық тілейміз!