23 қазан — Халықаралық Қар барысы күніне орай Еуразиялық агро-техникалық колледжінің орман шаруашылығы және ветеринария мамандығының студенттері Алматы мемлекеттік табиғи қорығына танымдық экскурсиямен келді.
Іс-шара барысында студенттерге қорықтың флорасы мен фаунасы, Қар барысының экожүйедегі маңызы мен биологиялық ерекшеліктері туралы қызықты ақпараттар ұсынылды.
Сонымен қатар, қатысушылар «Барс пен таутеке» атты қызықты ойынға қатысып, өз күштері мен ептіліктерін сынап көрді. Қар барысының 15 метрге дейін секіру қабілетін қайталауға тырысып, ерекше көңіл-күйде, әсерлі сәттермен оралды