2025 жылғы 6 қарашада Алматы мемлекеттік табиғи қорығының директоры, директордың ғылыми іс жөніндегі орынбасары және экология-ағарту бөлімінің басшысы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырған «Орталық Азиядағы биоалуантүрлілікті сақтаудың мәселелері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Іс-шараға 15 елден келген 100-ден астам жетекші сарапшы қатысып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін зерттеу, Сиверс алмасын сақтау, экологиялық туризм мен білім беру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау салаларындағы өзекті мәселелер мен болашақ мүмкіндіктерді талқылады.