2025 жылғы 10–12 қараша аралығында Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында күзгі жабайы аңдарды есепке алу жұмыстары жүргізілді.
Санаққа мемлекеттік инспекторлар мен ғылыми қызметкерлер қатысып, 7 бағыт бойынша мониторинг жасалды. Жануарлар саны 10–12 еселі дүрбі, дрон және көзбен бақылау арқылы анықталды.
Санақ нәтижесінде қорық аумағында:
марал,
сібір таутекесі,
қар барысы (іздері арқылы)
сібір елігі және басқа да жабайы аңдар тіркелді.
Жиналған мәліметтер биоалуантүрлілікті сақтау мен қорғау бағытындағы маңызды шараларды тиімді жоспарлауға септігін тигізеді.
Санақ нәтижелері арнайы есеп түрінде рәсімделіп, табиғатты қорғау саласындағы болашақ жұмыстарға негіз болады.