Нояб
19

Мемлекеттік инспекторлар мен ғылыми қызметкерлер Сібір тауешкілерін байқап, сол сәтті бейнекамераға түсіріп үлгерді.

Айта кетейік, Сібір тауешкісі — қорық аумағында 1200-4000 метр биіктікте мекендейтін жануар. Құздар мен тасты жартастар — ол үшін мінсіз мекен. Биікке өрлеп, сол жерден өздерін қауіпсіз сезінеді. Адамдардан табиғи түрде аулақ жүріп, ең қиын жететін аймақтарды таңдайды.

Жабайы табиғаттың осындай бірегей көріністері — қорықтағы жануарлар әлемінің байлығы мен сұлулығын тағы бір мәрте дәлелдейді.