Алматы мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері мектеп орманшылығы, яғни Қ.Әбдіғұлов атындағы №34 орта мектеп-гимназиясында экологиялық акция өткізді.
Акцияның мақсаты — оқушылардың табиғатқа, әсіресе құстарға деген қамқорлық сезімін қалыптастыру, экологиялық мәдениетін арттыру және жауапкершілікке тәрбиелеу. Қысқы кезеңде құстарды қосымша қорекпен қамтамасыз ету арқылы олардың санын сақтауға үлес қосу.
Акция барысында оқушылар өз қолдарымен жасаған жемсауыттарды мектеп ауласына ілді.
Акцияға жалпы 150 адам қатысты.
5 жемсауыт ілінді.
Құстарға қамқор болу – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!