Март
17

2025 жылдың 14 наурызында Алматы қорығының ғылыми қызметкерлері Оң Талғарда, "Үлкен балдырғантөр" шатқалында қар жамылғысының биіктігін өлшеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Өлшеу нәтижесінде қардың биіктігі 1 метрді құрады. Бұл көрсеткіш қар жамылғысының күйін бағалау және қардың еруі немесе жауын-шашынның әсерінен болатын табиғи құбылыстарды болжау үшін маңызды. Мұндай деректер қорық аумағында табиғи апаттардың алдын алу бойынша жоспарланған іс-шараларды тиімді жүзеге асыруға көмектеседі.