Окт
23

 Сиверс алмасы – әлемдегі барлық мәдени алма сорттарының түпкі атасы болып табылады.
Сиверс алмасы (Malus sieversii) Қазақстанның Қызыл кітабына (2014) енгізілген. Халықаралық табиғат қорғау одағы (IUCN, 2007) тарапынан қорғалатын түр ретінде танылды.Сиверс алмасының популяциясы Алматы, Ақсу-Жабағылы, Қаратау қорықтарында және Іле-Алатауы, Көлсай көлдері, Жоңғар Алатауы ұлттық парктері аумақтарында қорғалады.

Қазіргі таңда Сиверс алмасы генофондын әлемдік деңгейдегі маңызды генетикалық қор деп санауға болады.
Недзвецкий алмасы – Қазақстанның табиғи байлығы саналатын, сирек кездесетін және ерекше әдемі алма түрі. Қабығы, жұмсағы және тіпті дәні де қызыл түсті болады. Бұл қасиеті оны басқа алма түрлерінен ерекше етеді.
Гүлдері де қызғылт немесе ашық қызыл. Өте сирек болғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және қорғауға алынған.