Алматы мемлекеттік табиғи қорық  аумағындағы ережелер:

1.ЕҚТА пайдаланғаны үшін төлемді растайтын құжатсыз  ерекше қорғалатын табиғи аумақта болуға;

2.Арнайы экскурсиялық соқпақтар мен туристік маршруттар немесе жалпыға ортақ жолдардан тыс жүруге;

3.Автокөліктің және басқа да механикалық құралдардың белгіленген жерлерден тыс тұрақтауына;

4.Өзен,көл жағалауларында автокөліктің және басқа да механикалық құралдардың тұрақтауы,  үй жануарларын алып жүруге;

5.От жағуға;

6.Тұрақтануға, шатыр орнатуға;

7.Жабайы жануарларды үркітуге және тамақтандыруға;

8.Ұяларды,құмырсқа илеулерін, індерді, апандарды бұзуға;

9.Ағаштар мен бұталарды шабуға, сындыруға, бүлдіруге және тұрмыстық қажеттіліктерге қолдануға;

10.Жабайы жемістер, саңырауқұлақтар және жидектер жинауға;

11.Көрнекілік үгіт құралдарын (стенділерді, панноларды, аншлагтарды және басқаларын), орман орналастыру, орман шаруашылығы және жерге орналастыру белгілерін сындыруға және бүлдіруге;

12.Ағаштарға, тастар мен жартастарға  жазулар жазуға және суреттер салуға;

13.Өз бетінше мал жаюға, шөп шабуға, сүрек дайындауға және өзге де заңсыз орманды  пайдалануға;

14.Топырақ жамылғысын тұрмыстық қоқыстармен және қалдықтармен ластауға;

15.Шулы және өзге де жасанды акустикалық әсерлерді ҚР заңнамасында белгіленген нормадан асыра қолдануға және қоршаған ортаға әсерін тигізуге;

16. Мемлекеттік табиғи-қорықтың  дамуы мен сақталуын бұзатын өзге де іс-әрекеттерге.

2-БӨЛIМ. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ
ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРIН, МЕМЛЕКЕТТIК ТАБИҒИ-ҚОРЫҚ ҚОРЫ
ОБЪЕКТIЛЕРIН ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖЕЛIГЕ ЕНЕТIН ҚОРҒАЛАТЫН
ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ, ҚОРҒАУДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ

ҚЫЗMETIHIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
7-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТАБИҒИ ҚОРЫҚТАР

 39-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтар ұғымы және олардың негiзгi қызметi

      1. Мемлекеттiк табиғи қорық - табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.

      2. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың негiзгi қызметiне:

      1) мемлекеттiк табиғи қорық пен оның күзет аймағының биологиялық саналуандығын қорғау және қалпына келтiру режимiн қамтамасыз ету;

      2) Табиғат жылнамасын жүргiзудi қоса алғанда, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерiн, объектiлерiн зерделеу және олардың мониторингi жөнiнде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргiзу;

      3) экологиялық-ағартушылық қызметтi жүргiзу;

      4) мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер етуi мүмкiн шаруашылық және өзге объектiлердi орналастыру жобалары мен схемалар мемлекеттiк экологиялық сараптамасына қатысу;

      5) мемлекеттiк табиғи қорық пен оның күзет аймағының аумағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми және шектеулi туристiк мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.

      40-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет режимi

      1. Мемлекеттiк табиғи қорықтың бүкiл аумағында, осы Заңның 43-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, қорықтық күзет режимi белгiленедi, ол бойынша:

      1) аумақтың гидрологиялық режимiн өзгертетiн iс-әрекеттерге;

      2) мемлекеттiк табиғи қорықтың жұмыс iстеуiмен байланысты емес үй-жайлар (құрылыстар және ғимараттар), жолдар, құбырлар, электр желiлерiн және басқа да коммуникациялар мен объектiлер салуға;

      3) геологиялық-барлау жұмыстарына және пайдалы қазбалар өндiруге;

      4) топырақ қабатын бүлдiруге, минералдар шығымын бұзуға және тау жыныстарын жалаңаштауға;

      5) орман қорғау іс-шараларын жүзеге асыру үшін қажет санитариялық мақсатта ағаш кесуді қоспағанда, өсімдік қабатының бұзылуына әкеп соғатын орман пайдаланудың барлық түрлеріне, оның ішінде тағамдық, дәрілік және техникалық өсімдіктер, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын, шөп шабуға, мал жаюға және өсімдіктер дүниесін пайдаланудың басқа да түрлеріне;

      6) аң аулау мен балық аулауға;

      7) жануарларды аулауға және жойып жiберуге, олардың мекендеу ортасы мен жағдайларын бұзуға;

      8) өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерiн жерсiндiруге, жануарлардың жекелеген түрлерi санын жерлердiң табиғи сыйымдылығы бойынша жол берiлетiн мөлшерден артық көбейтуге;

      9) мемлекеттiк табиғи қорықтың коллекцияларын қалыптастыруды қоспағанда, коллекциялық материалдар жинауға;

      10) зиянкестерге, өсiмдiктер мен жануарлардың ауруларына қарсы, сондай-ақ жануарлар санын реттеу үшiн химиялық және биологиялық күрес әдiстерiн қолдануға;

      11) үй жануарларын айдап өтуге;

      12) уәкілетті орган белгiлеген нормадан асып түсетiн жасанды жолмен жасалатын шуылға және өзге де акустикалық әсерлерге;

      13) егер қызмет қорғалатын ландшафтардың табиғи көрiнiсiн өзгертуге немесе экологиялық жүйелердiң орнықтылығын бұзуға әкеп соғуы мүмкiн болса, не ерекше құнды табиғи ресурстарды сақтауға және молықтыруға қатер төндiрсе, оған тыйым салынады.

      2. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың аумағында орман және дала өрттерiнiң алдын алу және сөндiру жөнiнде жердегi және авиациялық жұмыстарды жүргiзуге жол берiледi.

      3. Қарауында мемлекеттiк табиғи қорықтар бар мемлекеттiк табиғи қорықтардың қызметкерлерiн, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларын қоспағанда, жеке тұлғалар мемлекеттiк табиғи қорықтар аумағына рұқсат беретiн құжаттар болған кезде ғана жiберiледi.

      4. Мемлекеттік табиғи қорық аумағында немесе оның аумағынан тысқары жерлерде тұратын белгiлi бiр дiнге сенушiлердiң құрмет тұтатын жерлерге (құлшылық ету орындары) мемлекеттік табиғи қорық аумағы арқылы өтетiн жолдармен баруын қамтамасыз ету үшiн мемлекеттік табиғи қорық тиiстi дiни бiрлестiкпен келiсiм бойынша мемлекеттiк табиғи қорық инспекторларының iлесiп жүруiмен осы орындарға топталып баруға немесе осы орындарға топталып жақын келуге тегін рұқсат етуi мүмкiн.

      Ескерту. 40-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      41-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми қызметтiұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбi

      1. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми қызмет мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiн зерттеу жөнiнде тұрақты жүйелi түрдегi байқаулар, Табиғат жылнамасын жүргiзудi қоса алғанда, табиғи процестердiң мониторингiн ұйымдастыру, сондай-ақ биологиялық саналуандықты сақтаудың және мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерi мен объектiлерiн қалпына келтiрудiң ғылыми негiздерi мен әдiстерiн әзiрлеу жолымен уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргiзу үшiн қажеттi үй-жайлармен және жабдықтармен қамтамасыз етiлетiн ғылыми қызметкерлердiң тиiстi штаты бар ғылыми құрылымдық бөлiмшелер жұмыс iстейдi.

      3. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың ғылыми бөлiмшелерi осы баптың 1-тармағында көзделген ғылыми қызметтен басқа, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган бекiткен ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларына сәйкес ғылыми зерттеулер де жүргiзедi.

      4. Өзге де ғылыми ұйымдар мен жекелеген ғалымдар мемлекеттiк табиғи қорықтардың аумақтарында уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша мемлекеттік табиғи қорықпен шарттық негiзде ғылыми зерттеулер жүргiзе алады.

      5. Ғылыми зерттеулердiң жоспарларын, ғылыми қызметкерлердiң есептерiн қарау және бекiту үшiн мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми-техникалық кеңестер құрылады, олардың құрамына басқа ұйымдардың ғылыми қызметкерлерi мен мамандары кiре алады.

      6. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың ғылыми қорлары мерзiмсiз сақталуға жатады.

      7. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың өздерiнiң ғылыми еңбектерiн басып шығаруға құқығы бар.

      8. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың аумағында ғылыми жұмыстарды жоспарлау мен жүргiзу жануарларды мазасыздануға, зардапқа, өлiм-жiтiмге ұшырататын және өсiмдiктердi, соның iшiнде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнгендерін жойып жiберетiн зерттеулердiң қатыгез әдiстерi қолданылмай жүзеге асырылуға тиiс.

      Ескерту. 41-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.