Қорықтың табиғи ерекшеліктері
Ауа-райы
Аймақтың ең басты ерекшелігі – тау алды жазықтардың континентальді климатынан бастап, таулы аймақтың арктикалыққа ұқсас сутневальді климатына ауысатын күрделі климаттық аймақтығы. Оның негізгі белгілері – едәуір энергетикалық база (күн радиациясы) мен ауа циркулияциясының күрделі маусымдық ерекшеліктері – қорық азиялық құрлық түкпірінің шөлді аймақта орналасуымен анықталады.
Күрделі таулы жер бедері жылу мен абсолютті биіктікке байланысты өзгеруіне әкеліп соғады, мұнда жергілікті климаттың биіктік аймағы қалыптасады.
Биіктіктің өсуіне қарай мұндағы негізгі климат көрсеткіштері заңды түрде өзгере бастайды. Түсетін күн инсоляциясы (күн шұғыласы) (26%дейін) да едәуір өсе бастайды. Радиацияның жылдық мөлшерінің жиынтығы арта түседі. Бірақ сонымен қатар жылудың сәулеленіп тарауы артады да, радияциялық тепе-теңдік мөлшерінің азаюына әкеліп соғады. Ауа t0с төмендейді (жылы мезгілде орта есеппен әр 100 м – 0,680 м суық кезеңде 0,450).
Ауаның абсолюттік ылғалдылығы төмендеп, салыстырмалы ылғалдылығы артады. Жауын – шашынның қосымды мөлшері ұлғаяды. Жылы кезеңнің ұзақтығы кемиді (6 айдан 2,5 айға дейін), ал суық кезең ұзара түседі. Қар жымылғысының жату мерзімі ұзарады. Көлденең учаскелерге қарағанда оңтүстік беткейлердің күн радиациясы 10%-25 % ке артық, ал солтүстік беткейлер 10%-40% кем алады. Қорықтың орта биіктікті, аса биік және мұзды- нивалды жер бедеріне тән биік шекарасында бірыңғай климаттық аймақтар орналасқан. Орта биікті аймақтың климаты - қоңыржай континентальды. Ауа температурасының орташа жылдық мөлшері төменгі бөлікте 6,8 градустан, 0,8 градусқа дейін өзгереді. Орта есеппен ең төменгі айлық температура қаңтар айында байқалады (-4,30 градустан 9,70 градусқа дейін); ең жоғарғы айлық температура шілде айында (+18,1 градустан 10,6 градусқа дейін).
Жылдың жылы мерзімінің ұзақтығы төменгі жақта 145 күнді, ал жоғарғы жақта 90 күнді құрайды. Жауын –шашынның орташа жылдық мөлшері 830-870 мм-ді құрайды. Оның ішінде 570-640 мм жылы кезеңге тура келеді. Ылғалдану коэффициенті 1,15-тен (төменде) 1,95-ке дейін (жоғарыда) көтеріледі. Қар жамылғысының қалыңдығы 60-80 см жетіп, 160-190 күн жатады. Көктем кезіңде орташа тәуліктік температура артады және жауын-шашынның мөлшері ұлғаяды. Кей жылдары сәуір және мамыр айларында 200-250 мм-ге дейін жауын жауады (әсіресе нөсер түрінде). Жаздың басында (маусым айында) әдетте салқын ауа райы қалыптасады – күн жылуы жеткілікті, бірақ ыстық емес, бірыңғай жаңбырлы күндер басталады. Шілде-тамыз айларында жауын шашынды күндер азайып, жаздың құрғақшылық кезеңі басталады. Қырқүйек айының соңында күздің белгілері анық біліне бастайды. Ауа температурасы күрт төмендейді. Жылдың бұл мезгілінде екінші рет жауын-шашынның өте көп мөлшерде түсуі байқалады, бірақ көктемге қарағанда аз.
Күзде күн ашық, бұлтсыз болады. Қазан айының соңында және қараша айының басында төменгі жақта алғашқы қар түседі, ал 2500 м биіктіктен жоғары бөлікте нағыз қысқы ауа райы қалыптасады. Биік таулы аймақтың климаты - шұғыл континентальды, суық. Бұл жерлерде жаз кезеңінің өзінде де жиі қатқақ ауа райы орнайды. Жазы қысқа, ауа - райы тұрақсыз, ауыспалы. Шілдедегі орташа тәулік температурасы 5-8 градус, ал жоғарғы температура 18-20 градус.
Жылы ауа-райының күрт өзгеріп, салқындауы - жиі кездесетін құбылыс. Жаздық кезеңге жылдық жауын – шашынның 60 % тура келеді. Вегетация кезеңі қысқа (53 күннен аспайды). Қыс тез түседі. Қазаңдағы орташа температура (-10,2 градустан -13,5 градусқа дейін) төмендейді. Ең жоғарғы температура (-34 градус). Қар жатпайтын беткейлерде топарық жамылғысы едәуір тереңдікке дейін тоңады. Жыл бойы 520 мм-ден 1050 мм-ге дейін жауын-шашын түседі, орташа көлемі-770 мм, оның ішінде 450 мм жылы кезеңге сай келеді. 3200 м биіктіктен жоғары көп жылдық тоң тараған.
Мұздақ – қиыршық тасты аймақтың климаты - қатаң арктикалық климатқа жақын. Ауаның орташа жылдық температурасы аймақтың төменгі бөлігінде (-8 градус) тан 4000 м биіктікте (-12 градусқа) дейін төмендейді. Бұл арада жылдың төрт мезгілге бөлінуі байқалмайды. Маусым айының өзінде айлық орташа температура (0 градустан) төмен болады. Қардың жыл бойы жаууының салдарынан мұздақ болып қалған. Гляциологтар жылды - аккумуляциялық және абляциялық деп - екі кезеңге бөледі. Мұздықтардың үстіндегі қатты жыныстардың (шөгінділердің) аккумуляция кезеңі 10 айға дейін созылады. Жылдың бұл мезгілінде мөлшері 500 мм 800 мм – ге дейін жететін қар және бұршақ жауады. Аккумуляция кезеңіндегі ең суық ай - қаңтар немесе ақпан болып табылады, орташа айлық температура -14; -16 градустан төменгі көрсеткіш -28;-32 градусқа дейін түседі. Боранды кезең 15-20 күнге дейін созылады. Жылы күндер өте сирек болады.
Абляциялық кезең (мұзарттардағы заттардың еру және булану арқылы тарауы) шілденің ортасынан қыркүйекке дейін 2-2,5 ай созылады. Бұл кезеңнің орташа температурасы әдетте 2-4 градус болады, төменгі температура -10;-12 градус. Бұл кезеңде жылы ауа қозғалысы жиі байқалмайды. 3800 м биіктікте жоғарғы температура 15-17 градусқа дейін көтеріледі.
Мұздақ – қиыршық тасты аймақтан басқа климаттық аймақтардың температуралық және ылғалдылық сипаттамалары өсімдіктер және жануарлар әлемінің әр түрлерінің тіршілк етуіне, көбеюіне жағдай туғызады. Ал көп мөлшерде түсетін жауын - шашын табиғаттың жайсыз жағдайларының (сел, су эрозиясы) дамуына себеп болып отырады.
Жер бедері
Қорықтың қазіргі жер бедері палеоген кезеңінің соңы мен неоген кезеңінің басында қалыптаса бастады. Альпілік орогенез таулардың әрі қарай өсуіне ықпал етті. Максимальді ауытқу қозғалысы дәл осы Талғар тармағы аймағында болады. Белсенді тектоникалық қозғалыстар әлі де жалғасуда, мұнда жер сілкінулер жиі болып тұрады. Плейстоцендік кезеңде қорықтың анағұрлым биік бөлігінде алғашқы жамылғы мұз басу процесі болып өтті. Екінші мұз басу әрекеті айтарлықтай қатты болған жоқ және шамамен 10000 жылдай бұрын аяқталды. Қорықтың солтүстік бөлігінің негізгі орографиялық көрінісін қорықтың орталығын алып жатқан Талғар алабы және одан жан – жаққа тараған жертасты қырқалы, мұздық қорлы танапты және мұздақты үш сілем құрады. Алапқа да, оның сілемдеріне де әдеттегі мұзды – қиыршық тасты жер бедері тән. Олардың шыңдары және қырқалары үшкір, тарақ тісті, кей тұстары бұзыла бастаған. Барлық жерден ірі жартас сынықтары және тау жыныстарының көлемді үйінділерін көруге болады. Бұл аралық – қар мен мұздақ хандығы (патшалығы). Ірі аңғарлы және шұңқырлы түрлерінен басқа да бірнеше ондаған аспалы және басқа мұздақ түрлері бар.
Кең көлемді беткей алаңдары, әсіресе солтүстікке қараған жағы қалыңдығы 20 – 30 метр және одан артық, көп жылдық мұздық қарлы танаппен жабылған. Іле - Алатауының ең биік жері – Талғар шыңының биіктігі 4978,8 метрді құрайды.
Жер бедерінің мұзды – қиыршық тасты формалары мұздықтардың төменгі шеттерімен (3200 – 3400м) және 3700 – 3900 м шамасындағы мұздық қар сызығымен шектеледі. Одан төмен қарай – шыршалы ормандардың жоғарғы шекарасына дейін (2700 – 2800м) қорық аумағы биік таулы тік беткейлі жер бедеріне ауысады. Сонымен қатар осы арада қырқалар мен беткейлердің едәуір жерлері интенсивті бұзылу әрекеттері мен тау жыныстары қалдықтарының төмен қарай жаппай қозғалысының алаңы болып табылады. Нәтижесінде олар ашылған, жалаңаштанған жартастарға айналады. Беткейлерге кулуарлар, шөгінділердің биік конустары тән. Көптеген ойпат тектес шұңқырлар көктемде еріген мұз суына толады. Қатты ағыспен төмен қарай жылжитын бұл сулар жол - жөнекей шағын қиыршық тасты ағыза кетеді. Мұндай уақытша су ағыстарының арнасы конус тәрізді шығарындылармен шектеледі. Қорықтың солтүстік бөлігінің қалған алаңы орта тауларға жатады және тік беткейлі, арасында қатты бөлшектенген жер бедеріне ие. Ол әсіресе Талғар бөлігіне тән. Солтүстік және Оңтүстік Талғардың біріккен жерінде беткей – тік (400 – 450 бұрышпен) (қорықтың ең төменгі биіктік көрсеткіші мұнда – 1220 м) көтерілген және 2,5 – 3 шақырымнан кейін-ақ биіктік 2700 – 2800 м жетеді. Беткейдегі жергілікті тау жыныстары тік алаптар және жеке жартастар ретінде көрініс тапқан.
Қорықтың оңтүстік бөлігі мұзды – нивальді жер бедерінің басымдылығымен ерекшеленеді, ол әсіресе Оңтүстік – Шығыс Талғар және оңтүстік Есік өзендері бассейнінде кең тараған. Дәл осы жерде – Богатырь және Корженевский сияқты ірі мұздықтар орналасқан. Одан әрі шығысқа қарай беткейлер қысқа (5 - 7 шақырым) көлденең аңғарлармен және жартасты сілемдермен бөлшектенген.
Талғар учаскесі 3 шатқалды қамтиды, олар – Солтүстік, Оңтүстік және орта Талғар. Олардың ішіндегі ең ұзыны – Солт.Талғар (30 шақырымнан аса) - оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатыр. Оң жақ беткейі онша тік емес. Іле - Алатауының оңтүстік беткейінде оңтүстік – Шығыс Талғар, Оңтүстік Есік сияқты және де көптеген қорықтың ірі шатқалдары орналасқан (Шұбар, Қосбұлақ, Тамшы). Барлық қорықтың шатқалдардың жоғарғы жағы – 3500 – 3600 м биіктіктен басталады. Бұл арада олар енді болып келеді (300 – 500 м), сілемдері – отау және астау тәрізді аңғарлар, бұлар ежелгі мұздық әрекетімен байланысты пайда болған. Дәл осы жерде мореналық және флевиогияциальды шөгінділер ретінде ежелгі мұздық жыныстары сақталып қалған.
Қорықтың едәуір бөлігі гравитациялық және тасқынды жолмен пайда болған төрттік дәуір шөгінділерімен жабылған, олар – жартас сынықтары, қиыршық тас, шағыл, құмды – сазды конгломераттар, құм тастар. Оларды тау өзендері және жылғалар беткейдің жоғарғы жағынан төмен қарай тасиды.
Тік алаптар, қырқалар, жартастар гранит, гранодиарит және сиенит сияқты жыныстардан тұрады.
Геологиясы
Геологиялық қатынас жағынан Іле - Алатау тауы бұзылған күшті ірі жарылыстан кейін бойлап көтерілген жас қыртыс болып көрінеді. Қосылған жота жыныстарының ішінде сирек аляскитті, ерекше ірі орта қиыршықты биотитті граниттер басым болады. Жотаның шығыс бөлігінде граниттен басқа, төменгі карбонды – порфир, профирит және басқа да тиімді жыныстар жиі кездеседі. Іле - Алатаудың солтүстік тау бөктерінің жоғарғы жағы төрттік жастағы тау жыныстарын жамылған және төрттік қабатты үгілмелі құмды – конгломерат пен неогеннен құралған.
Көне палезой кезіндегі тау қыртыстары мезозой кезінде түгелдей жойылып кеткен. Үшінші мерзімнің соңында тектоникалық күшті қозғалыстың салдарынан күшті палеозой негізі бұзылып қыраттар болып тармақтанып жатыр. Осындай тік құрама баспалдақ тәрізді жарлар болып келеді.
Бірнеше ауыспалы жылдары және ылғалды кезеңдердің күрт салқындауынан қыраттардың биіктеуі үшінші мерзім соңынан бастап төрт рет мұзданды оның себебі: бірінші – жамылғы, екінші – жартылай жамылғы және екі тегіс жамылғы болып табылады. Мұз дәуірі кезеңінде аккумуляция процесі басымды сипатталады және мұз аралық кезеңдерге бөлінген, мұзаралықтарға бөлінген кезде мұздықтар үлкен эрозиялық процестердің артуына жол береді. Мұздықтардың жол беруі барлық жағдайда біркелкі болмаған. Олардың көлемі кенет қысқарған кезде, мұздықтардың тілдері үлкен немесе кіші болып ұзақ уақытқа дейін тұрақты жағдайда болып кезеңдермен алмасып отырды. Мұздықтар жол бере отырып эрозиялық процестің салдарынан жуылып немесе жойылып кеткен, күшті мореналарды қалдырған. Соңғы мұз қатқанда стадиялық морена жақсы қалпында сақталғаны соншалықты 2600 – 2700 м. жоғарыда орналасқан жерлерде көне мұздық цирктары және сауда алқабы күндері орындалған. Төрттік шөгіндінің жаңа комплексті мұздық аллювиалды, протовалды – делювиалдық үгілмелі жиынтықтардан пайда болғаны көрінеді. Олар үлкен тастар, шағыл және құмды – балшықтардан жиналған күйінде барлық жерде дамыған. Орталық бөлігі көне интрузивтік жыныстардан құралған гранитондтар, гранодиопитар және спениттары ерекше дерлік. Батыс және шығыс бөліктері көне метаморфитті жыныстардан құралған: олар гнейстерден, кристалды тақта тастардан және кварцтардан тұрады. Солтүстік баурайы порфиттік және альбитофирлі лавалар жауып жатыр. Іле – Алатаудың геологиялық тарихи ерекшелігі жаңа тектоника процестерінің қарқынды пайда болғандығында. Барлық солтүстік жота баурайы тектониттік сынықтармен бойлап бөлінген.
Бірінші созылған сынықтар (0-0) тау бөктері жазықтарымен жота шекаралары болып табылады. Әйгілі ашық кертпештерді құрай 100 – 200 метр биіктікте бүкіл Алматыдан Қаскеленге дейінгі меридиана бойында олар рельефте өте анық байқалады. Сынық (1-1) кертпеш күйінде тау бөктерлерін бөледі, олар қосылған төрттік үгілмелер және тұрақты жыныстардан құралған неогендік таудың жота тепкішектерінің шөгінділері. Сынық (2-2) Алматы қаласының шығыс меридианасының биік тектоникалық кертпеш күйінде «термалды сызық» ретінде мәлім, 2000 – 3000 м абсолютті биіктікте таулы тепкішектерді бөліп жатыр. Батысқа қарай бұл сынық 1-1 сынығына жақын орналасқан және онша анық байқалмайды. Бұл сыныққа Алма – Арасан шатқалындағы, Горельник өзенінің сағасындағы және Талғар өзені бассейніндегі термальді қайнарлар сай келеді. 2-2 сынығына қатарласа, одан 5-8 шақырым оңға қарай 3-3 сынығы өтеді, оның абсолюттік биіктігі төменгі сатылардан бастап 4000 м құрайды және де бұл сынық жотаның тармақты шетін бөледі. Жотаның орталық бөлігінде бұл сынық беті қызғылтым алескитті граниттермен жабылған, биіктігі 400 – 500 метрге жететін кертпеш ретінде көрінеді.
Топырағы
Алматы қорығының топырақ жамылғысы тік аймақтардың әсер етуімен қалыптасады. Бұл жердегі тік аймақты кескін аймақтың негізгі сипатында сақталады. Бұған барлық солтүстік Тянь-Шань, соның ішінде таулы аймақтың өзіне тән барлық биіктік деңгейіндегі топырақ және экспозициялық бірыңғай емес ландшафтар кіреді. Бұл бірыңғай емес өте ылғалды, салқын солтүстік және оңтүстік шығыс беткейдің жартысында криогидрогендік топырқтың қалыптасуын айқындайды. Оңтүстік және батыс беткейдің жартысы өте жылы және құрғақ термоксерогенді топырақ қатарында болады. Сондықтан барлық тік аймақтар мен белдеулерде экспозициялдық қарама - қарсы тұрушылық, аймақтың ландшафтар және топырақтары бір - бірімен қатынаста болады. Әрбір аймақ заңдылығы үшін макробедерлі экспозиция және аймақтың топырақ құрылымы әр түрлі құрылған.
Гидрологиясы
Қорықта жалпы көлемі 233,7 км2 құрайтын 160 мұздық есептеліп, оның ішінде тек қана Есік өзені бассейінінде көлемі 53 км2 болатын 49 мұздық бар.
Өзен желілері жақсы дамыған. Көптеген шатқалдардың түбінде бұлақтар көп, өзендер көлемі 5-7 км, тереңдігі 1 метрге дейін едәуір тасқынды болып ағады. Аумақтың солтүстік бөлігі көптеген ірі өзендер болып келеді – Есік, Сол Талғар, Оң Талғар және Орта Талғар. Оңтүстік бөлігі Оң Есік, Оңтүстік –Шығыс Талғар болып бөлініп жатқаны көрінеді. Екі өзеннің де суы мол. Оңтүстік - шығыс Талғар мен Жаңғырық өзендерінің өзара қосылуынан Тяньшанның солтүстігіндегі аса ірі - Шелек өзені бастау алады.
Өзендердің қоректенуі мұздық қар алаңдары, мұздықтар мен маусымдық қардың еруінің есебінен жүзеге асырылады. Су тасқындары сәуір айынан басталып, барлық көктем және жаз айларының аяғына дейін созылады. Ерекше ыстық күндерде сонымен қатар нөсер жаңбырдан кейін өзендер жарларды бұзып, үлкен тастармен құм және шағылдарды ағызатын қатты тасқындарға айналады. Қыс кезінде өзендерде сулар аз болады, қатпайды, бірақ бұрылыстармен бұрмаларда үлкен қатқан мұздар және жағалаудың жіңішке жерінде мұзбен қардан кішкене арықтар пайда болады.
Қорықта 30 - ға жуық биік таулы мореналық және мұздық көлдер бар. Оның бәрі су ағатын уақытша су аңғарларында жатыр және ең бастысы еріген маусымдық қарлармен мұздықтардың суымен қоректеніп отыр. Көлдердің көпшілігі шамалы көлемде болады (0,1-0,7 га), бірақ оданда үлкендер болады. (1,6-3,8 га). Есік өзенінің басталу аймағында, яғни жоғарыда Ақ көл мен Мұз көл бар. Әдетте бұл көлдер өте терең. Сондықтан өзіне суды мол жинайды, шашамен он мың куб.м. Осы көлдердің ең ірісі Боз көл, ол Есік шатқалында 2670 м биіктікте жатыр. Осындай бйік таулы мореналық және мұздық көлдердің көптігінен Талғар және Есік аудандары тасқын қауіпі бар аймақ болып сипатталады.