Абилганиев
Дарын Бақытжанович
«Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» ММ директоры
Абилганиев Дарын Бақытжанович 1978 жылы 6 ақпан, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Талап ауылында дүниеге келген. Отбасы құрған. Екі баласы бар.
Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
2000 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінде экология және табиғат пайдалану мамандығын бойынша оқу бітірген.
2003 жылы Әл-Фараби атынндағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінде экология магистрі дәрежесі берілді.
2007 жылы - Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде экономика баклаврын тәмамдаған.
Еңбек өтілі:
1995-1996 жж., - Алматы облысы Күрті ауданында IV дәрежелі электромонтері жұмысшысы.
2000-2001жж., - «Куляш» қоғамдық тамақтану бекетінің бақылаушысы.
2003-2005жж., - Астана қаласында «Ермаханов И.У.» ЖК администраторы.
2005-2009жж., - Астана қаласында «Нурислам Сервис» ЖШС директоры.
2009-2010жж., - Астана қаласы Алматы ауданының халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы.
2010-2012жж., - Астана қаласы «АБК Недра Авто Транс» ЖШС қаржы шаруашылық бойынша директор орынбасары.
2012-2018жж., - Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы әкімі лауазымын атқарды.
2018-2019жж., - «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің, Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-сі басшысының орынбасары лауазымын атқарған.
2019-2021жж., - «Қазақстан Республикасы Экология,геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ басшысының орынбасары лауазымын атқарған.
2021 жылғы 27 қыркүйекте «Қазақстан Республикасы Экология,геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің, Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің директор лауызымына тағайындалды.