Дек
10

3500 метр биіктікте Алматы мемлекеттік табиғи қорығының мемлекеттік инспекторлары мен ғылыми қызметкерлері қорықтың оңтүстік шекарасына мониторинг жасауға тікұшақпен ұшып барды.

Сегіз күн жүргізген далалық жұмыстар кезінде: ізімен 1 аю, 2 қасқыр және ізімен 3, 1 түлкі, 170 Сібір тауешкісі, дауысымен 1 марал, 11 қоян, 2 бүркіт, 2 сақалтай, 14 құмай, 1 кәдімгі күйкентай, 2 Гималай ұлары, 65 кекілік тіркелді. Жабайы аңдардың қысқы және көктемгі өмірін, тіршілігін, жүріс-тұрысын, мінез-құлқын зерттеу мақсатында және арқарды фото-видеоға түсіру мақсатында Жалғызқарағай шатқалы мен Шелек өзенінің басына 2 фототұзақ орнатылып, 2025 жылдың жылдың мамыр айына дейін қалдырылды. Қорық аумағын күзету мен қорғау және бақылау барысында ешқандай браконерлік фактілері тіркелген жоқ.