Дек
13

2024 жылдың жаңа жыл алдындағы кезеңінде қылқан жапырақты ағаш тұқымдыларының жас талдарын қорғауды күшейту мақсатында Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында рейдті күшейту жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі уақытта қорық аумағында 96 рейд ұйымдастырылып, қала тұрғындарына 60 ескерту парақшалары таратылды. Бұл жұмыстар табиғатты сақтау мен орман ресурстарын қорғауға бағытталған кешенді шаралардың бір бөлігі болып табылады.