2024 жылдың жаңа жыл алдындағы кезеңінде қылқан жапырақты ағаш тұқымдыларының жас талдарын қорғауды күшейту мақсатында Алматы мемлекеттік табиғи қорығы, Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен бірлесіп рейдті күшейту жұмыстарын жүргізді. Жас қылқанжапырақты ағаштарды қорғау – тек табиғатты қорғаушылардың емес, барлық қоғамның міндеті. Бұл ормандарды болашақ ұрпақ үшін сақтаудың маңызды қадамы болып табылады.