Дек
30

2024 жылдың 4-ші тоқсанында «Атамекен-ай» еларалық журналы жарық көрді. Басылымда Алматы мемлекеттік табиғи қорығының тыныс-тіршілігі мен оның дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлердің еңбектері кеңінен баяндалған. 

Журнал беттерінен қорық аумағында орман өрттерінің алдын алу және болдырмау мақсатында аянбай еңбек етіп жүрген табиғат кешендері мен нысандарын қорғау бөлімінің жұмысы туралы мағлұматтар ұсынылған. Сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін терең зерттеп, ғылыми ақпараттар мен мониторинг жүргізуде айрықша үлес қосып келе жатқан ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің жетістіктері де жан-жақты қамтылған. 

Өскелең ұрпақты экологиялық ағарту мен тәрбиелеу, сондай-ақ қорықтың қоғамдағы мәртебесін нығайту жолында қызмет етіп жүрген экологиялық ағарту бөлімінің жұмысына ерекше көңіл бөлінген. Қызметкерлердің еңбекақысын есептеу, қаржылық есеп жүргізумен айналысатын қаржы және ұйымдастыру бөлімі жайлы да толық ақпарат берілген. Сонымен қатар, қорықтың барлық шаруашылық міндеттерін адал еңбекпен қызмет атқарып келе жатқан шаруашылық бөлімінің еңбектері де айрықша атап өтілген. 

Журнал беттерінде Алматы қорығының сан алуан өсімдіктері мен жануарлар әлемінің ғажайып көріністері де көркем сипатталған.