2024 жылдың 23-25 желтоқсан күндері Алматы мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкерлері тәжірибе алмасу мақсатында Қаратау мемлекеттік табиғи қорығына іссапармен барды. Қаратау қорығының ғылыми қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторларымен бірлесіп, далалық зерттеу жұмыстарына қатысты.
Қорық аумағында жүргізген мониторинг нәтижесінде Қызыл кітапқа енгізілген 100-ге жуық Қаратау арқары, қасқыр мен қабанның іздері, сондай-ақ 4 ақбас құмай мен 100 жуық кекілік тіркелді. Бірлескен жұмыстар екі қорықтың табиғатты қорғау шараларын күшейту мен биоалуантүрлілікті зерттеу саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға ықпал етеді.