Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бүкіл елде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы іске асты. Осы акцияның аясында елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бағытында ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. "Таза Қазақстан" – бұл еліміздің табиғатын қорғауға және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған ұлттық бастама.
Алматы мемлекеттік табиғи қорығы осы бастаманы жүзеге асыру мақсатында, 2025 жылдың қаңтар айының 14-і күні Талғар қаласының Сәкен Сейфуллин атындағы №2 орта мектебінің оқушыларымен Шренк шыршасының тұқымдарын 150 контейнерге тұқымдар отырғызды. Акция барысында балаларға тұқымнан ағаш өсірудің қыр-сыры үйретіліп, оларды күтіп-баптау әдістері көрсетілді. Бұл тек жасыл желекті көбейту шарасы ғана емес, сонымен қатар өскелең ұрпақтың шыдамдылық, еңбексүйгіштік және табиғатқа деген сүйіспеншілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.
"Таза Қазақстан" – табиғатты аялау, қоршаған ортаны жақсарту және болашаққа экологиялық мәдениеті жоғары қоғам қалыптастыру үшін жасалған үлкен мүмкіндік. Әрбір отырғызылған ағаш – таза әрі жасыл елге қосқан үлесіміз.