“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Панфилов ауылындағы №17 орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ерекше шара өткізді. Акция барысында қатысушылар Шренк шыршасының тұқымдарын контейнерлерге отырғызды.
Мақсаты: Экологиялық сауаттылықты арттыру, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бастамаларды қолдау. Бұл шара жас ұрпақтың табиғатқа жанашырлығын арттырып, оларды экологиялық белсенділікке шақыруға бағытталды.
Қатысушылар: Акцияға мектептің 4-сынып оқушылары, ұстаздар белсенді түрде атсалысты. Сонымен қатар, іс-шара барысында Шренк шыршасының табиғаттағы маңызы, оның экожүйеге тигізетін пайдасы туралы танымдық ақпарат берілді.
Бұл акция экологиялық тұрақтылықты нығайтуға және табиғи байлықтарды сақтауға қосқан маңызды үлес болды.