Янв
31

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы, Талғар қаласындағы №25 мектеп гимназиясының 5”ә” сынып оқушыларымен “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында “Өз ағашыңды отырғыз” іс-шарасын өткізді. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғауға және оны сақтауға шақыру.

Қатысушылар өз қолдарымен Шренк шыршасының тұқымдарын отырғызып, қоршаған ортаны таза ұстау және табиғатқа қамқорлық көрсету қажеттілігі туралы ойланды. Бұл шараға мектеп оқушылары, ұстаздар мен қорық қызметкерлері қатысты. Іс-шара соңында қатысушылар болашақта да экологиялық тәрбие беру және табиғатты қорғау жөніндегі жұмыстарын жалғастыра беретінін атап өтті.