Март
18

Ұлттық киімдер күні – бұл біздің мәдениетіміз бен тарихымызды, салт-дәстүрімізді сақтау және дәріптеу үшін ерекше маңызды мереке.

Ұлттық киімдер еліміздің әрбір аймағында өзіндік ерекшеліктерімен айшықталып, халықтың өмір салты, әлеуметтік мәртебесі мен табиғи жағдайларына сәйкес қалыптасқан. Бұл күні біз өз халқымыздың сәнін, өрнегін, сәндік бұйымдарын жаңғыртып, өткеннің құндылықтарын бүгінгі ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік аламыз.