Март
18

Ұлттық киімдер күніне орай еліміздің басшысы Қасым Жомарт Тоқаев айтқандай, ұлттық киім – бұл ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі.

Ол халықтың тарихын, дәстүрін және рухани құндылықтарын көрсететін айрықша белгі. Ұлттық киімді тек мерекелерде ғана емес, күнделікті өмірде де кию арқылы біз өз мәдениетімізді құрметтеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе аламыз. Ұлттық киімдерді дәріптеу – ұлттың өз тарихын, болмысын және мәдениетін сыйлауының белгісі.