Март
18

Алматы қорығының қызметкерлері, «Парктер шеруі», «Таза Like» экологиялық акциясы, «Құстар күні» мерекесі аясында №17 орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларымен бірге, арнайы ұя жәшіктерін жасап, оларды мектеп ауласына орнатты.

“Ұя салайық – құстарды аялайық!” ұранымен өткізілген бұл шараның мақсаты — оқушыларға құстардың экологиялық жүйедегі маңызын түсіндіру, олардың өмірін сақтап қалуға өз үлестерін қосу. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан»экологиялық акциясы аясында «Түлектердің ағаш егуі» шарасы қатар жүргізіліп, мектеп ауласына 20 түп қарағай ағашы отырғызылды. Бұл шара табиғатты қорғау мен оны болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыру жолындағы маңызды қадам болып табылады. Әр ағашты отырғызу арқылы біз жасыл желекке бай, таза және денсаулығы мықты Қазақстан үшін жауапкершілікті сезінеміз!