Март
19

Түркістан сілеусіні (лат. Lynx lynx isabellinus) – мысықтәрізділер тұқымдасының сілеусіндер туысына жататын жыртқыш сүтқоректі. Алматы қорығы аумағында теңіз деңгейінен 1200 метр биіктіктен 3500 метр биіктікке дейін мекен етеді. Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулердің арқасында сілеусіннің альпі белдеуінде мекен ететіні анықталды. Қорық аумағында теңіз деңгейінен 3500 метр биіктікте орнатылған фототұзаққа жаз мезгілінде түскені тіркелді.

Ғылыми зерттеу жүргізгелі бері фототұзақта 1 інсін тіркелді. Кейінен визуалды бақылау кезінде 2 інсінмен бірге жүргені анықталды. Балалары екі жасқа дейін аналарымен бірге жүреді.

Айта кету керек, соңғы бір жыл ішінде Алматы қорығында фототұзаққа сілеусіндер 32 рет түсіп, олардың осы аумақта тұрақты мекендейтіні дәлелденді.

Еліміздің Қызыл кітабына ІІІ – санатқа енгізілген. Одан бөлек, Халықаралық табиғат қорғау одағының (IUCN) қызыл тізіміне кірген.