Ағымдағы жылдың наурыз айының 03-і жұлдызында Алматы мемлекеттік табиғи қорығы басшылығы, бөлім жетекшілері мен мемлекеттік инспекторлардың қатысыуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиналыс өткізді. Күн тәртібінде aзаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексі талқыланды.
Кодекс - бұл азаматтық қызметшілері басшылыққа алатын қызмет әдебінің жалпы қағидаттары мен нормаларының жиынтығы: жалпы ережелер, әдеп қағидаттары, әдеп талаптары, әдеп жанжалдары және оларды шешу деп аталатын тараулардан тұрады.
Азаматтық қызметшілердің Кодекс ережелерін білуі және сақтауы олардың кәсіптік қызметі мен еңбек тәртібін бағалау критерийлерінің бірі болып табылады. Әдеп нормалары мен талаптары барлық азаматтық қызметшілер үшін міндетті болып табылады, олар қатаң сақталуға тиіс.
Азаматтық қызметші өз міндеттерін орындау кезінде мынадай қағидаттарды сақтауы қажет: 1) әділдік; 2) адалдық және объективтілік; 3) ұқыптылық; 4) кәсіптік құзыреттілік; 5) мінсіз мінез-құлық; 6) ниеттілік; 7) ақпараттың құпиялылығы.
Жиналыс қорытындысы бойынша директор тарапынан орынбасарлар мен бөлім басшыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде азаматтық қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.