Апр
01

1 сәуір – Халықаралық құстар күні! Құстар – табиғаттың ажырамас бөлігі, олар экологиялық теңдікті сақтауда, өсімдіктердің тозаңдануында және биологиялық алуан түрлілікті қамтамасыз етуде маңызды қызмет атқарады.

Халықаралық құстар күні – адамдарға табиғаттың сұлулығын бағалауға, құстарға қамқорлық көрсетуге және табиғатпен үйлесімді өмір сүруге үгіттейтін мүмкіндік. Осы маңызды күні қорық қызметкерлері Алматы қаласының №46 мектеп гимназиясымен бірлесіп, қорық ғимаратының ауласына ұяшықтар орнатты. Сонымен қатар, Талғар қаласының №49 мектеп және Flagman school оқу орындарының оқушыларымен мектеп аулаларына ұяшықтар ілді.