Апр
05

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы, табиғат кешендері мен нысандарын қорғау бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, қорық аумағында заңсыз ағаш кесу, өртті алдын алу және браконьерлікке қарсы жыл бойы рейдтік жұмыстар жүргізіледі. 2025 жылдың басынан бастап бүгінге дейін Талғар және Есік бөлімшелерінде 22 рейд жүрді.

Рейд барысында заң бұзушылық фактілер тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта мемлекеттік инспекторлар мен ғылыми қызметкерлер қорық аумағын бақылау мақсатында заманауи технологияларды, оның ішінде дрондар мен смарт құрылғыларды тиімді пайдаланып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын атқаруда.