Апр
21

Жыл сайын 19 сәуір күні әлемнің көптеген елдерінде дәстүрге айналған көктем мерекесі - Бәйшешек күні атап өтіледі.

Алатау бәйшешегі күн жылынып, шуақты көктемнің келе жатқанын алғаш хабарлайтын, ауа райын талғамайтын гүл. Алатау бәйшешегі (лат. Crocus alatavicus) – құртқашаштар тұқымдасына жатады, Қазақстан аумағында өсетін, бәйшешектің белгілі бір түрі.

Алматы мемлекеттік табиғи қорығында көктемнің алғашқы гүлі - Алатау шафраны бұршақ жарып, қорық аумағының  күнгей беткейлерінде гүлдейді, бірақ ұзақ емес.

Ескеретін жағдай Алатау бәйшешегі күннен-күнге сиреп бара жатыр,сондықтан табиғат қорғаушылары оны 2006 жылдан бері  Қызыл кітапқа  енгізген. Заңсыз жұлынған әрбір бәйшешек үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төленеді.