Апр
21

2025 жылғы 11 сәуірде Алматы мемлекеттік табиғи қорығында "Смарт" жүйесін пайдалану бойынша ІІІ-брифинг өтті. Іс-шара барысында қорық аумағында соңғы екі айда жүргізілген патрульдік бақылаулардың қорытындылары ұсынылды. Жиналған деректер негізінде мемлекеттік инспекторлардың қызметтік көрсеткіштері жан-жақты талданды.

Сондай-ақ мемлекеттік инспекторлардың смарт-телефондарды тиімді әрі дұрыс пайдалану дағдылары, деректерді уақытылы енгізу және жүйемен жұмыс істеу тәртібі егжей-тегжейлі қарастырылды. Жұмыс сапасын арттыру мақсатында тәжірибе алмасу және техникалық қолдауды жетілдіру мәселелері де талқыланды.

Брифинг қорытындысы бойынша бірқатар нақты ұсыныстар әзірленіп, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды. "Смарт" жүйесін жетілдіру және оның тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.