2025 жылғы өрт қауіпті маусымына дайындық аясында Алматы мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері өртке қарсы оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастырды.
Бұл шара табиғи өрттердің алдын алу, қызметкерлердің төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету дағдыларын жетілдіру және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілді.