Табиғат кешендері мен нысандарын қорғау бөлімінің аға инженері Турукбаев Д.Б. жетекшілігімен ұйымдастырылған бұл рейд барысында орман алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы қатаң бақылауға алынды.
Рейд кезінде орманға келушілерге өрт қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы үнбеттер таратылды. Сонымен қатар, от жағуға тыйым салынған аумақтарда бақылау күшейтіліп, заңсыз әрекеттердің алдын алу шаралары қабылданды. Бұл шаралар орман өрттерінің алдын алу және табиғи экожүйені сақтау бағытында маңызды қадам болып табылады. Алматы мемлекеттік табиғи қорығы алдағы уақытта да осындай профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде жүргізуді жоспарлап отыр.