Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Азат негізгі орта мектебінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Бұл шараға арнайы қонақ ретінде Алматы мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері шақырылып, оқушылар мен ұстаздардың өнерін тамашалады. Қорық қызметкерлері оқушыларға арнайы екпе көшеттерін әкеліп, әр ұлт өкілінен құралған оқушылар оларды өз қолдарымен отырғызды.
Іс-шара барысында мектеп оқушылары елімізде тұратын әртүрлі ұлттардың ұлттық киімдерін киіп, олардың салт-дәстүрлері мен мәдениетін сахналық қойылымдар, ән мен би арқылы көрсетті. Мерекелік шара достық пен татулықты дәріптеп, жас ұрпақтың өзге ұлттарға деген құрметін арттырды.
Мектеп ұжымы мен оқушылардың бұл бастамасы – Қазақстандағы ұлттар бірлігінің айқын көрінісі болды.