Май
05

1. Жалпы ережелер

1.1. Байқау жастардың табиғатты қорғауға деген қызығушылығын арттыру, Алматы мемлекеттік табиғи қорығының табиғи байлығын насихаттау және заманауи цифрлық медиа арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

1.2. Байқауға қатысу ерікті және тегін.

1.3. Байқау «Парктер шеруі – 2025» экологиялық акциясы мен «TazaLIKE» бағдарламасы аясында ұйымдастырылады.

2. Қатысушылар

2.1. Байқауға 8 жастан 12 жасқа дейінгі және одан жоғары мектеп оқушылары, студенттер мен барлық ниет білдірушілер қатыса алады.

2.2. Қатысу жеке түрде жүзеге асырылады.

3. Қатысу шарттары

3.1. Қатысушы мобильді телефон арқылы «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы жайлы» ұзақтығы 2 минутқа дейінгі қысқаметражды бейнеролик түсіруі қажет.

3.2. Бейнероликте келесі аспектілер көрініс табуы тиіс:

- қорық табиғатының сұлулығы;

- табиғат мұражайы;

- қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы.

3.3. Бейнеролик авторлық болуы және қатысушының өзі түсірген болуы қажет.

3.4. Бейнеролик mp4 форматында қабылданады.

3.5. Жұмыстарды Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасына «Мобилограф байқауы» тақырыбымен жіберуге немесе Instagram/TikTok әлеуметтік желілеріне #Алматинскийзаповедник2025 және #ЖасМобилограф хэштегтерімен жариялауға болады (аккаунт ашық болуы тиіс).

4. Өткізу мерзімі

- Өтінімдер мен бейнероликтерді қабылдау: 2025 жылғы 1 мамырдан 20 мамырға дейін.

- Нәтижелерді шығару және жеңімпаздарды жариялау: 2025 жылғы 27 мамыр.

5. Бағалау критерийлері

- Тақырыпқа сәйкестік;

- Креативтілік пен түпнұсқалық;

- Эмоционалдық әсер мен шабыттандыру;

- Түсірілім мен монтаж сапасы (мобильді құрылғымен түсіру ескеріліп бағаланады).

6. Марапаттау

6.1. Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

6.2. Үздік жұмыстар қорықтың ресми әлеуметтік желілерінде жарияланып, экологиялық ағарту мақсатында пайдаланылатын болады.

7. Байланыс ақпараты

Қосымша сұрақтар бойынша келесі байланыс құралдарына хабарласуға болады:

📧 Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 

📞 +7 (707) 727 37 38, +7 (708) 206 25 46