Май
12

Жеңіс күніне орай №1 Азат орта мектебінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мектепішілік “Сап жүріп ән айту” байқауы ұйымдастырылды. Бұл шара оқушылардың патриоттық рухын көтеріп, Отан үшін жанын пида еткен батырларды еске алуға бағытталды.

Іс-шара аясында Алматы мемлекеттік табиғи қорығының бастамасымен “Естелік бағы” ретінде ағаш отырғызу акциясы өткізілді. Рәсім барысында 300 түп жасыл көшет отырғызылды. Бұл күні табиғат пен тарих үндестікте жаңғырып, жас ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор үлгіге айналды.