Май
12

Бүгін Талғар ауданындағы тарихи “Талхиз” қалашығында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік және ағаш отырғызу шарасы өтті.

Іс-шараның мақсаты — табиғатты қорғау, тарихи мұраны сақтау және аумақты абаттандыру. Қатысушылар туя, арша және ақ қайың секілді ағаш түрлерін отырғызып, қоршаған ортаға үлес қосты. Сенбілік соңында қатысушыларға арнап түскі ас ұйымдастырылды.

Табиғатты аялау – ортақ парыз!