Май
19

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы аясында 2013 жылғы 17 маусымда «Қазақстан Республикасының пилоттық ерекше қорғалатын табиғи аумақтарындағы биоалуантүрлілікті мониторингтеу бойынша ақпараттық жүйені әзірлеу және енгізу» жобасы бойынша Алматы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында өсімдіктердің индикаторлық түрлеріне арналған 10 бақылау алаңшасы құрылды.

Алаңшалардың әрқайсысының аумағы – 10х10 метр. Мониторинг барысында 14 индикаторлық өсімдікке бақылау жүргізіледі. Олар: арша, Шренк шыршасы, көктерек, Тянь-Шань қайыңы, кәдімгі өрік, Сиверс алмасы, итмұрын, жапырақ жусаны, Ширальджин жусаны, өкпешіл гүл, бүрметікен азиялық, Крылов бетегесі, кәдімгі жұпаргүл, кәдімгі таңқурай. Сәуір – қазан айлары аралығында осы мониторингтік алаңшалардағы индикаторлық өсімдіктерге ғылыми қызметкерлері тұрақты бақылау жүргізеді. Жиналған мәліметтер өңделіп, орталық ғылыми базаға енгізіледі.                

Бақылаудың негізгі мақсаты – өсімдіктердің индикаторлық түрлеріне үздіксіз мониторинг жүргізу, олардың жағдайын қадағалау және қорғауды күшейту.