2025 жылғы 15–16 мамыр күндері Алматы қаласында Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институтының 120 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция өтті. Іс-шара барысында ветеринария ғылымының дамуы мен оның болашағы талқыланды. Институт 1905 жылы 14 қаңтарда Орынбор қаласында губерниялық ветеринариялық бактериологиялық зертхана ретінде құрылған және бүгінгі таңда Қазақстандағы ветеринария ғылымының жетекші ғылыми орталығы болып табылады.
Конференцияға Алматы мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми іс жөніндегі орынбасары Е.С. Нұрахметов пен ғылыми ақпарат және мониторинг бөлімінің зертханашысы Ұ.У. Әбілдаева қатысты.
Институт ұжымын мерейтойымен құттықтап, ғылыми қызметте одан әрі табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!
https://bioreserve-almaty.kz/kz/zha-aly-tar/1165-almaty-memlekettik-tabi-i-ory-yny-kilderi-khaly-araly-konferentsiya-a-atysty.html#sigProIde0ffcdea7b